20.02.2016, 22:31
Оқылды: 31

"Нұр Отан" партиясының облыстық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

Oblistik sailau  "Нұр Отан" партиясының кіші мəжіліс залында "Нұр Отан" партиясының облыстық сайлауалды штабының ашылуы болды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен мəлімдеді.


   - Ағымдағы жылдың 10-11 ақпан күндері партияның облыстық жəне аумақтық филиалдарының кезектен тыс конференцияларында əр деңгейдегі мəслихаттар депутаттығына "Нұр Отан" партиясы атынан 195 кандидат ұсынылды. Олардың барлығы тіркеуден өтті. Кандидаттардың 27-сі облыстық, 18-і қалалық жəне 150-і аудандық мəслихат депутаттығына үміткерлер. Облыс бойынша партия атынан 1560 сенімді өкіл бекітіліп, аймақтық жəне 13 аумақтық сайлауалды штабтары құрылды. Жалпы штаб құрамында 279 адам жұмыс істейтін болады.  Сайлауалды науқанда штаб мүшелері, 1443 белсенділер мен 90 мобильді ақпараттық топ арқылы жоспарланған желілік кестеге сəйкес, алдағы 2369 шараға 12 əлеуметтік топ бойынша 400 мың сайлаушыны қамтитын боламыз, - деді Серік Кенжебекұлы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале