30.11.2015, 11:10
Оқылды: 21

Н.Назарбаев: Ұлттық қор қаржысы есебінен ұлттық валюта бағамын үздіксіз қолдау тәжірибесіне қайта оралмаймыз

Nazarbayev Ylttik kor karjisi esebinen   Ұлттық қор қаржысы есебінен ұлттық валюта бағамын үздіксіз қолдау тәжірибесіне қайта оралмаймыз. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Мемлекет басшысы қаржы секторын тұрақтандыру мәселесіне айрықша тоқтала келе: «Біздің маңызды міндетіміз қаржы жүйесін тез арада тұрақтандырып, оны жаңа жаһандық шынайылыққа сәйкестендіру қажет. Біріншіден, теңгенің еркін бағамы жағдайында қаржы секторының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Түбегейлі сәт ұлттық қор қаржысы есебінен ұлттық валюта бағамын үздіксіз қолдау тәжірибесіне қайта оралмау болмақ», - деді Елбасы.

Осы ретте Елбасы Ұлттық банкке банк секторының барлық субъектілерінде жұмыс істемей тұрған несиелерді анықтау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Оның нәтижесінде оларды тану және сызып тастау бойынша шешім қабылдау қажет. Капиталдандыру проблемасын шеше алмайтын банктер қаржы жүйесінен кетуі тиіс. Қазақстандық банктер барлық халықаралық, оның ішінде Халықаралық валюталық қордың базалық комитетінің стандарттарына сай болуы керек», - деді Н.Назарбаев.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале