5.01.2016, 11:04
Оқылды: 19

Н.Ноғаев: Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында апатты және үш ауысыммен білім беретін мектептер жойылды (ФОТО)

 

IMG-20160105-WA0003   АСТАНА. ҚазАқпарат  - Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында апатты және үш ауысыммен білім беретін мектептер жойылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Үш пен алты жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 98 пайызды құрайды. 2014-2015 оқу жылының нәтижесі бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде Батыс Қазақстан облысы Алматы және Астана қалаларынан кейін үшінші орынды иеленді және орташа балл 83-ті құрады», - деді ол.

 


 

Әкімнің айтуынша,  өткен жылы Елбасы Н.Назарбаевтың апатты жағдайдағы және үш ауысыммен жұмыс істейтін мектептерді жою тапсырмасы Батыс Қазақстан облысында толығымен орындалды. Жаңадан мектептер салынды және күрделі жөндеуден өткізілді. Білім саласына 42 млрд. 200 млн. теңге бөлінді.

 

IMG-20160105-WA0004

 

«Облыста инклюзивті білім беруге лайықты мектептердің саны 59 пайызды құрайды және мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамтамасыз ету 58 пайызға жетіп отыр. Облыстағы 38 арнаулы орта білім беретін колледждердің 7-еуі - жекеменшік. Ал 17 колледжде 18 мамандық бойынша дуалды білім беру жүргізілуде», - деді Н.Ноғаев.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале