12.02.2016, 11:18
Оқылды: 30

«Облыстағы сайлауалды дайындық барысы» тақырыбында брифингі өтті

sailau 12.02.2016   ОКҚ БҚО филиалының кезектен тыс «Облыстағы сайлауалды дайындық барысы» тақырыбында брифингі өтті.  Оған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов және облыстық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Вячеслав Иночкин қатысты.


Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың айтуынша, қазіргі таңда сайлау учаскелерінің орналасуынан бастап, дауыс беру жәшіктерінің қажеттілігіне дейінгі мәселелердің бәрі қамтылған барлық сайлау учаскілеріне керекті заттарды толыққанды қамтамасыз ету, сайлау бюллетеньдерін дайындау, сайлау туралы жарнамалары мен күнтізбелерін ілу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ 44 билборд, 734 күнтізбе дайындалған. 10-нан астам әртүрлі әдістемелік материалдар дайындалып, бүкіл аумақтық, округтік, учаскелік комиссияларға жеткізілді. Облыс бойынша 373 үміткер ұсынылып, 80 үміткер тіркеуден өтті. Бүгінгі күні сайлау науқанын өткізуге керекті мәселелердің барлығы өз шешімін табуда- дейді, Ғайса Хамидоллаұлы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале