11.10.2016, 15:31
Оқылды: 40

Облыстық «Батыс-Азимут» жарысы тәмәмдалды

%d0%be%d1%80%d0%b8%d0%bd%d1%82%d0%b5%d1%80-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық IX «Батыс-Азимут» спорттық бағдарлау жарысына аудан оқушыларынан және мұғалімдерінен құралған команда қатысып келді.


Жарыс спорттық бағдарлауды насихаттау, жастардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, облыстық құрамаға үздік спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Жарыс спринт, түнгі бағдарлау, орта және ұзақ қашықтықтарынан тұрды. Спринт қашықтығы бойынша 16 жастағы қыздар арасында Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің оқушысы Гульзина Сагатдинова 3-орынды, түнгі бағдарлаудан әйелдер арасында «Жас туристер станциясының» қосымша білім беру педагогы Ж.Медетова 1-орынды, ерлер арасында «Жас туристер станциясы» директорының орынбасары Б.Нарымбаев 2-орынды иеленді. Жарыстың екінші күні орта қашықтығынан ерлер арасында Б.Нарымбаев 3-орынға ие болды. Соңғы күні жарыстың ең ұзақ қашықтығы өтті. Бұл қашықтықтан жеңімпаздар және жүлдегерлер қатарынан қыздар арасында Гульзина Сагатдинова 3-орын, 12 жастағы ұлдар арасында «Сәулет» МЛ оқушысы Әли Қуанов 3-орыннан көрінді. Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша Тасқала ауданы командасы 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының, ал жүлдегерлер облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының дипломдары мен медальдарымен марапатталды.

 

А.Андамасова,

«Жас туристер станциясының» ҚББП,

Тасқала ауданы 

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале