5.09.2016, 16:22
Оқылды: 29

Облыстық газет тілшілері – байқау жеңімпаздары

14249205_10207204316518651_1009995354_nБүгін "Нұр Отан" партиясының ғимаратында "Болашақ" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен облысымыздың жас журналистері мен блогерлері арасындағы байқау өз мəресіне жетті. 


Бұл конкурста "Орал өңірі" газетінің тілшісі Лəззат Шағатай (қазақ тілі) жəне "Приуралье" газетінің тілшісі  Галина Самойлова (орыс тілі) облыс бойынша үздік деп танылып, марапатталды.

14218392_10207204316478650_1152476004_nҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған байқаудың негізгі талабы облысымыздың əлеуметтік-экономикалық ахуалын жəне саяси дамуын көрсету болып табылады. Қатысушылардың жазбалары интернет ресурстары мен түрлі əлеуметтік желіде жариялануы тиіс болатын.

Марапат соңында аталмыш қордың төрайымы, облыстық мəслихат депутаты Салтанат Тұманбаева қатысушыларға алғысын білдіріп, тілшілерге шығармашылық табыс тіледі.

Қос жеңімпазға заманауи ноутбук табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале