7.07.2015, 20:09
Оқылды: 24

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қатысуымен брифинг оздырылды

Irrmenov    Бүгін  «Қазақстан-Орал» телеарнасы ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменовпен өңірдегі БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг оздырылды.

Сала басшысының мәліметінше, бүгінгі таңда облыс тұрғындарына, атап айтқанда 630667 адамға медициналық көмек көрсету 426 денсаулық сақтау объектісімен жүзеге асырылған. Олардың ішінде: 35 аурухан, 6 емхана, 2 санаторий, 86 дәдінкрлік амбулатория тағы басқалары.

Қазіргі уақытта облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 1555 дәрігер, 6000-ға жуық орта медицина қызметкері еңбек етуде. Қалалық көпбейінді аурухана іске қосылған кезде дәрігерге қажеттілік- 100 маманға артатын болады. Бұл мәселені шешу үшін, Алматы қаласындағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті және Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген жас мамандарды алдын ала бөлумен, облысымызға 80 маман шақырылды. Басқа облыстан дәрігерлерді тарту жалғасады.

Облысымызға шетелдік тәжірибені тартуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Медицинаның түрлі салалары бойынша дәрігерлерді Литва, АҚШ, Ресей Федерациясы, Финляндия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания елдерінде тәжірибеден өткізу жалғасуда. Жыл сайын 500-ге жуық дәрігер, 2000-нан астам орта медицина қызметкері ел ішінде, 10-нан астам дәрігер шетелде біліктіліктерін арттырады.

 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале