22.07.2015, 13:10
Оқылды: 31

Облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшы құқын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады

Brifingg     Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі «Қазақстан-Орал» телеарнасы ғимаратында кезекті баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Бұған арнайы шақырылған облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы Жанат Асантаев еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшы құқын қорғау және әлеуметтік-еңбек шиеленісінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде заңды және жеке тұлғаларға жалақы берешегін өтеу жөнінде бұрын берілген ұйғарымдарда белгіленген орындау мерзімдері өтуіне байланысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жоспардан тыс 10 тексеріс өткізді. Заң бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ҚР ӘҚБтК 462 б.3т сәйкес 8 әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады. Соттың шешімі бойынша 1 585 600 теңге көлемде айыппұл салынды. Ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына ұйғарымды мәжбүрлеп орындау үшін 4 талап арыз жолданды. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 84 кәсіпорында 1307 қызметкерге жалпы сомасы 120,1 млн. теңге көлемінде жалақы берешектері 84 кәсіпорында өтелді.

Анықталған заң бұзушылықтары бойынша 48 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 4,4 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, атқару өндірістері бойынша 49 кәсіпорыннан 531 қызметкердің пайдасына 96,7 млн. теңге көлемінде өндірілді. Сондай-ақ, банкрот болып танылған және оңалту рәсімі жүргізіліп жатқан 4 мекемеден  26,7 млн.теңге өндірілді.

Бүгінде инспекторлар еңбек ақы берешегі бойынша «СПМК-123» ЖШС-мен  жұмыстануда. Аталмыш мекеме 58 қызметкерге 4,7 млн. теңге бережақ, бұл кәсіпорын бойынша бүгінде оңалту процедурасы жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале