25.05.2015, 0:37
Оқылды: 28

Облыстық клиникалық аурухананың өкілдері аудандарға ат басын тіреуде

Akjayik portal boyinsha   Тұрғындарға сапалы хирургиялық көмектің қолжетімділігін қанаттандыру және аудандардағы хирургтардың біліктілігін көтеру мақсатында облыстық клиникалық ауруханадан шыққан өкілдер аудандарға ат басын тіреуде.

Облыстық клиникалық аурухананың хирургі, медицина ғылымдарының кондидаты Адамбек Мұқанбетқалиев Ақжайық аудандық орталық ауруханасының базасында екі күнде Тайпақ, Жалпақтал, Қазталов аудандарының 7 тұрғынына холецистоэктомия диагнозымен ота жасады. Бұл оталарға Тайпақ, Жалпақтал, Ақжайық аудандық ауруханаларынан хирургтар Бақытбек Қажданов, Алмас Жүнісбеков және Владимир Плотников қатысты.

Елдімекендерді аралап, ота жасаудың тұрғындар үшін тиімділігі зор, олар портал бойынша күннің қашан келетіндігін күтіп жүрмей-ақ хирургиялық көмек алады. Сонымен қатар дәрігерлер бір-бірімен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале