5.10.2016, 10:44
Оқылды: 36

Облыстық мәслихатта көшпелі кеңес өтті

%d0%be%d0%b1%d0%bb%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d0%bc%d3%99%d1%81%d0%bb%d0%b8%d1%85%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0-%d0%ba%d3%a9%d1%88%d0%bf%d0%b5%d0%bb%d1%96-%d0%ba%d0%b5%d2%a3%d0%b5%d1%81-%d3%a9%d1%82 Облыстық мəслихаттың мəжіліс залында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын түсіндіру жəне талқылау мақсатында көшпелі кеңес өтті.



Жиынды Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева ашқан соң, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өңірлік саясат, өңірлерді талдау жəне бағалау департаментінің директоры Жайық Шарабасов сөз алды. Оның айтуынша, заң жобасында жергілікті бюджетті кеңейту, оған жергілікті қоғамдастықтың ықпалын күшейту көзделген. Ал ҚР Əділет министрлігінің Заңнама институтының жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Мереке Ғабдуалиев жобаны дайындарда ішінара шетелдік тəжірибе ескерілгенін, коммуналдық меншік маңызын айта келіп, алдағы уақытта қолданысқа енгізілген кезде кей мəселелердің туындау мүмкін екенін жасырмады. Кеңесте Зеленов ауданындағы Переметный ауылдық округінің əкімі Мереке Ғабдуалиев жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы шоты ашылғанын, оған жергілікті бюджет трансфертінен, жарнамадан жəне мемлекеттік мүліктен (жалға беру) түскен кіріс қаржысының жұмсалу жайын баяндады. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу порталын жетілдіру керектігін жеткізді. Жиында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдері ұсыныс-пікірлерін ортаға салуда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале