9.12.2015, 16:39
Оқылды: 27

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясы өтті

 Maslihat 01          Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

         Жыл жабар сессияның күн тәртібіндегі облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» мәселелер ашық қалды. Облыстық экономика басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаеваның айтуынша, осы мәселелерді егжей-тегжейлі қараған тұрақты комиссияның отырысынан кейін нысаналы трансферттер бойынша азын-шоғын өзгерістер болатыны белгілі болған. Бірақ оған қатысты Үкіметтің қаулысы шықпаған. Осының ескерген халық қалаулылары бұл екі мәселе ніүкіметтік қаулы шыққаннан кейін қарауға келісті.


        Депутаттар облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 29 желтоқсандағы 2011-2015 жылдарға арналған БҚО-ның аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді қолдады. Сонымен қатар сессияда 2016-2020 жылдарға арналған облыстың аймақтық даму бағдарламасы туралы мәселе қаралып, мақұлданды. Облыстық экономика басқармасының басшысы Б.Қонысбаеваның баяндауынша, жалпы бағдарлама 6 бағытты, соның ішінде экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемқызметтерді қамтиды. Онда 21 мақсат және 89 мақсатты индикаторлар қарастырылған. Мысалға, бағдарламаны іске асыру жылдарында1329 мың шаршы метр тұрғын үй салу, көңіл қанағаттандыратын жергілікті маңызы бар аутокөлік жолдарының үлесін 27,5-тен 30,6 пайызға жеткізу көзделген.

Maslihat 02

       Халық қалаулылары облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы «БҚО-ның шекара маңындағы аудандарын дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған іс-шарлар жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізуді мақұлдады. Облыстағы жеті шекаралас аймақта орналасқан аудандардың экономикасын әртараптандыру бойынша 39 жобаны іске асыруға 238,4 млн. теңге қаражат басқа көздер есебінен тарту көзделген. Аталмыш аудандардың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша 5 жобаны жүзеге асыруға 153,4 млн. теңге қарастыру жоспарланған. Одан өзге шекарадан өту орындарын жайластыру және инфрақұрылымдарын дамытуға қатысты 6 жобаны іске асыру, табиғатты қорғау іс-шаралары және трансшекаралық өзендерді пайдалануға байланысты 10 іс-шара жоспарланған. Халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға жәрдемдесуге 4 жобаны іске асыруға 176,6 млн. теңге (оның 108,0 млн.теңгесі республикалық, 68,6 млн. теңгесі жергілікті бюджеттерден) жұмсау көзделген.

Maslihat 03

        Сессияда жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидасын бекіту, 2016 жылы субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізбелерін бекітуоблыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына өзгерістер енгізу және өзге де мәселелерді қарап, талқылады.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале