20.04.2016, 16:37
Оқылды: 24

Облыстық санитарлық-экологиялық айлық шеңберінде Бөкей ордасы ауданы елді мекендері сенбіліктер өткізуде

 Bokei senbilik    Облыстық санитарлық-экологиялық айлық шеңберінде Бөкей ордасы ауданы елді мекендері мен мемлекеттік орман қорын қураған және құлаған ағаштардан, сонымен қатар тұрмыстық қалдықтардан тазарту бағытында сенбіліктер өткізілуде.


      «Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесімен» бірлесе отырып, барлық 7 ауылдық округтегі 22 елді мекенде «Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күні» акциясы оздырылды. Оған 34 мекемеден 7591 адам қатынасып, 5329 түп көшет егілді. Сайқын-Жаңақала, Сайқын-Бисен-Өнеге, Сайқын-Орда жолдарының бойы мен Сайқын ауылдық округі аумағында орналасқан үлкен алма бағы қураған және құлаған ағаштардан тазартылып, 512 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

www.zhaikpress.kz

Ғ.БИСЕНҒАЛИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале