15.03.2016, 9:41
Оқылды: 23

Облыстық семинар-кеңес «Өрлеу» пилоттық жобасына арналды

????????????????????????????????????

   БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аудандардан және облыс орталығынан тиісті бөлім, сала жетекшілерін, мамандарды, бірқатар ауылдық округ әкімдерін шақыра отырып, Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсету» тақырыбына семинар-кеңес ұйымдастырды. Осында аталған жоба жөнінде алғашқы тәжірибелер ортаға салынды. Шараға қатысушылар алдында аудан әкімі Әділ Жоламанов сөз сөйледі.


Осында аталған  басқарма басшысының орынбасары Самат Хангереев жан-жақты түсініктер берді. 2015 жылы өз аудандарындағы «Өрлеу» пилоттық жобасын  жүзеге асыру қорытындысы туралы Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Талғат Қайрекеев, Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Ольга Басимова, шартты ақшалай көмек (ШАҚ) бойынша айлық есепті жүргізу барысы туралы  Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің бас маманы Алмагүл  Басимова, жобалық көмекшілер мен кеңесшілерді тарту жұмыстары және әлеуметтік келісімшарт құру жобасын түсіндіру бойынша Ақжайық  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің бас маманы Мәншүк Байбарақова, жобаны Алғабас ауылдық округінде (Ақжайық ауданы) жүзеге асыру тәжірибесі туралы оның әкімі Ерболат Есболсынов хабарламалар жасады. Кеңінен пікіралысу болып, сұрақтарға жауап қайтарылды.

Шара барысында айтылғандай, өңірімізде «Өрлеуге» қатысты аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінің мамандары үшін оқыту семинарлары, т.б. шаралар үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Былтыр жергілікті бюджеттен тиісті қаражат айқындалып, Ақжайық ауданы бойынша 15 отбасыға (71 адамға) 2,8 млн. теңге, Бөрлі ауданы бойынша 16 отбасы (64 адамға) 2,4 млн. теңге төленді. Пилоттық аудандар бойынша ауылдық округтер әкімдерімен кеңес өткізілді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ұсынысы бойынша жергілікті бюджет есебінен 2016 жылдың басынан бастап, облыстың қалған барлық ауданында «Өрлеу» енгізілуде. Облыс бойынша 2016 жылға  жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1225  адамға 61,9 млн.теңге бөлу жоспарлануда. Республикалық бюджеттен Ақжайық және Бөрлі аудандарына 23,4 млн.теңге қарастырылған. Аудандардың сұранысы бойынша Республикалық бюджет есебінен  қосымша 31,6 млн. теңге қаражат бөлінуі мүмкін.

Жұмыспен қамту бөлімі өтініш берушінің құқықтығын анықтайды.келіп түскен құжаттардың негізінде бір жұмыс күнінің ішінде өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады. Отбасына ШАК тағайындайды. «Өрлеудің» осы және басқа да қыр-сыры кеңінен талқыланды. Ақжайық ауданының әкімі Ә.Т.Жоламанов жобаға алғашқы қатысушылармен пікіралысулар, басқа да тұрғындардың қызығушылығы «Өрлеудің» келешегі зор екенін көрсететінін айтты.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале