15.12.2015, 20:14
Оқылды: 55

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай және Алаш қозғалысының қайраткері Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл толуына арналған шара өтті

 Muzei   Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай және Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті ақын, ойшыл-философ Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл толуына арналған «Алаштың ардақтысы» атты көрме және «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік  шара өтті.


   Шараның алғы сөзі БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерсаев Мирболат Бижанұлына берілді. Кейін шараға қатысушы қонақтар Ғұмар Қараштыңөмір дерегі және қызмет жолымен тереңірек танысты. Көрме таныстырылымы біткеннен кейін, ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырыған мерекелік шара жалғасын тапты. Шара барысында М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы Айдарова Шолпан Абдрашитқызы және тілші Мұнайдар Балмолда сөз сөйледі.

Шараға қатысушылар өз естеліктерімен бөлісіп, жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Шара барысында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенттеріотан тақырыбында өлеңдер оқыды. Мерекелік шара әуесқой әнші Сатыбаев Амандықтың орындауындағы «Қазақстан» әнімен аяқталды.

Шараға өңіріміздің танымал журналисті М.Балмолда, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дің оқытушысы Ш.Айдарова, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенттері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері  қатысты.

www.zhaikpress.kz

Ә.Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале