17.06.2015, 19:49
Оқылды: 50

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқарамасында жаңа басшы

Jana tagayindau  Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқарамасының ұжымына осы мекеменің жаңадан тағайындалған басшысы Бауыржан Талдықбаевты таныстырды.

Облыс басшысы басқа жұмысқа ауысуына байланысты басқарманың бұрынғы басшысы Рыспай Өтешевтің жұмыстан босатылғанын, оның басшы ретінде басқарма алдындағы мәселелерді шешуге ұйытқы болғанын атап өтті. «Облыс әкімінің өкімімен облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып Талдықбаев Бауыржан Жанпейісұлы тағайындалды, - деген Нұрлан Асқарұлы жаңа басшының еңбек жолымен таныстырды.

Бауыржан Жанпейісұлы 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. 2001-2002 жылдары еңбек жолын ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің мемлекеттік сатып алу және инвестициялық бағдарламаны талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.   Одан кейін ҚР Мемлекеттік сатып алу бойынша агенттігінің бақылау және әкімшіліктендіру жөніндегі басқармасының бақылау бөлімінің бастығы, 2003-2009 жылдары «GRANDSTROY LTD» ЖШС-ның бас директоры, 2009 жылы «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.  2010-2012 жылдары Сыртқы істер министрлігі сыртқы экономикалық саясат департаментінің экономикалық жобалар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитетінің экономикалық жобалар және инвестициялар басқармасының бастығы, 2013 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік материалдар қорлары жөніндегі комитеттің «Резерв» РМК бас директорының орынбасары, 2013-2015 жылдары «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК-ның бас директоры болып жұмыс істеген.

- Бауыржан Жанпейісұлы әр түрлі лауазымдарды атқарған, білім-білігі де, тәжірибесі де осы тағайындалған қызметін атқаруға жетеді. Өздеріңізбен бірге басқарманың алдындағы міндеттерді ойдағыдай орындайды деп сенемін, - деді Нұрлан Ноғаев.

Бауыржан Талдықбаев облыс басшысына жауапты қызметке тағайындап, сенім білдіргені үшін рақмет айтып, сенім үдесінен шығатынына сендірді.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале