7.04.2016, 15:56
Оқылды: 18

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып облыс әкімі Алтай Көлгінов бекітілді

         Бүгін Орал қаласындағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысы болып өтті. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысып сөз сөйледі.


Altai Assambleia

      Шара барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып облыс әкімі Алтай Көлгінов бекітіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV-ші сессиясына баратын делегаттар анықталды.

      Сондай-ақ  отырыста облыстық Ассамблея кеңесінің құрамына енген өзгерістер, қоғамдық келісім кеңесінің ережесі мен құрамы мақұлданып, бекітілді.

      Облыстық Ассамблея жанынан «Ынтымақ» депутаттық тобын құру жөніндегі бір топ депутат атынан ұсыныс жасаған облыстық мәслихатының депутаты Максим Пактың хабарламасы қабылданды.

      Бұдан басқа облыс бойынша «Бірегейлік пен бірлік» төрт реформасын жүзеге асырау бойынша іс шаралар жоспары жөніндегі облыстық Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақовтың баяндамасы тыңдалды.

      Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында 1мамыр Қазақстан халқы бірлігі күнін өткізу туралы облыстық Ассамблея төрағасының қоғамдық негізіндегі орынбасары В. Шохинаның тұжырымдамасы бекітілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале