28.05.2015, 16:50
Оқылды: 19

Облыстық қазақ драма театрында облыстық ассамблеяның ХVIII сессиясы өтті

Akim teatrБүгін облыстық қазақ драма театрында  облыстық ассамблеяның ХVIII сессиясы өтті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен бұл жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, республикалық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Наталья Калашникова қатысты.

Бірінші болып сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев биылғы 23 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы кезінде Ассамблея Төрағасы, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың берген тапсырмаларынан туындаған міндеттер туралы баяндама жасады. Жаңақала аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Зәкәрия Сейсенғали, облыстық кәріс этномәдени орталығының төрағасы Максим Пак, «Яик» казак фольклорлық-этнографиялық орталығының жетекшісі Владимир Новиков, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі Орал филиалының директоры Құспан Мұқатаев бұл бағыттағы жарыссөздерге қатысты.

Ассамблеяның 20 жылдығына байланысты қолға алынған шараларға тоқталып өткен Ералы Тоғжанов облыстық ассамблея қызметіне жоғары баға берді.

Сонан кейін елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан жерлестеріміз ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Қазақстан халқы Ассамблеясына-20 жыл» мерекелік медалімен,  Ассамблеяның алғыс хаттарымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале