28.06.2015, 1:04
Оқылды: 29

Облыстық қазақ драма театрында «Қадыр тағылымы» атты әдеби-сазды кеш болды

Kadir eskertkish   Бүгін сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Қадыр тағылымы» атты әдеби-сазды кеш болып, «Өлмес өлең» республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды. Ақын атындағы орталықтың амфитеатрында Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі концерт қойды.

Мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді, танымал тарихшы-ғалым, республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбай, Ақ Жайықтың қалам ұстаған қыздары Дариға Мұштанова, Айсұлу Қадырбаева, Мира Шүйіншәлиева Қадырдың туған жерінде қос бірдей ескерткішінің ашылуы үлкен қуаныш, ел ішіндегі таланттардың басын қосып, ортақ шаруаларды бірлесіп атқаруда мұндай орталықтың маңызы зор екендігін жеткізді.

Ертең ақынның 80 жылдық мерейтойы Сырым ауданында жалғасады.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале