26.11.2015, 18:26
Оқылды: 23

Облыстық қазақ драма театрында қоғамдық келісім кеңестерінің облыстық форумы өтті

Kaz drama teatri akim   Облыстық қазақ драма театрында қоғамдық келісім кеңестерінің облыстық форумы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев төрағалық жасады. Форум жұмысына аудан және ауыл әкімдері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, кеңес мүшелері, этномәдени орталық басшылары мен өкілдері қатысты.

 

Kaz drama teatri akim01

Шара барысында театр фойесінде аудандардан келген этномәдени орталықтарының осыған дейін өткізген шаралардан көрме ұйымдастырылды.

- Бүгінгідей форумды дәстүрлі түрде үшінші рет өткізіп отырмыз. Елбасы қоғамдық келісім кеңестерін құру жөнінде тапсырма бергеннен кейін бұл бағытта облысымызда бірқатар істер атқарылды. Қазіргі уақытта осы шешімнің Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жетілдіруде зор жемісін беріп отырғанына куәміз. Форум барысында бұған дейін атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жайында талқылайтын боламыз, - деді өңір басшысы.

Kaz drama teatri akim02

Форум соңында бірқатар қоғамдық келісім төрағалары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале