5.11.2015, 9:02
Оқылды: 30

Облыстық қазақ драма театрының әртістері Ақсай қаласында өнер көрсетті

Borli saxnada teatr artisteri  Облыстық қазақ драма театрының әртістері Ақсай қаласында өнер көрсетті. Киелі сахнаның төрінде мазмұны терең, мәні зор қойылымдарымен көрерменнің зор ықыласына бөленді.

Театр әртістері алдымен облыстық қазақ драма театрының бас режиссері Мұқанғали Томановтың «Жәннат» драмасын сахналады. Облыстық дін істері басқармасының бастамасымен қойылған бұл драма түрлі діни ағымдарға ілесіп, адасып жүрген жастарды дәстүрлі дінімізге бұру болып табылады. Діндегі адасушылықтың жан-жақты кесірі, отбасынан безініп, ұлттық құндылықтардан жерінген жандардың тіршілігі суретеледі. Ананың ақылын аяқ асты етіп, бауырдың шанашырлығын көзіне де ілмейтін адасқандардың әрекеті ақыр соңында қайғыға душар етеді.

Бүгінде ғасыр дертіне айналған теріс ағымдардың тірлігін әртістер шынайы суреттеп, шеберліктерін көрсетті. Басты рөлдегі Сүйеніштің бейнесін Асылжан Жакин сомдаса, ананың рөлінде Нұрлыгүл Жұбатова ойнады. Думан Омаров имамның рөлін алып шықты. Театр директоры Қуаныш Амандықов әлемдік проблемаға айналған жат ағыммен күресуге театр әртістері де үн қосып, мазмұнды туындылардың мәнімен адам санасына ой салғысы келетіндерін айтты.

Театр әртістері бұл сапарларында сонымен қатар Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек»  шығармасы бойынша этносимволикалық драмасын, «Ойыншықтар оқиғасы» мен «Алтын балапан» ертегілерін қойды.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале