25.08.2016, 20:44
Оқылды: 21

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

123   Оралдағы Достық үйінде облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік ұйымдар мен саяси партиялардың өкілідері қатысты. Күн тәртібіне Елбасымыз Н.Назарбаевтың биыл сәуірде АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен бүкіл әлемдік ядролық қаруға қарсы әлемнің мемлекет басшылары қатысқан саммитінде «Әлем XXI ғасыр соғыссыз әлем» манифесін талқылауға арналды.

   Жиынды облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Е.Салықов ашып жүргізіп отырды. Жиында қоғамдық кеңестің хатшысы А.Айтімов баяндама жасады. «Ақ отау» үкіметтік емес ұйымның төрайымы А.Есқалиева, облыстық соғыс және еңбек ардагерлер ұйымының төрағасы М. Мұхамбетов, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың доценті В.Есенғалиева облыстық табиғи жадығаттар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы А. Дәулетжанов және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өздерінің ой-пікірлерін білдірді.

   Алқалы кездесуге облыс әкімінің орынбасары М.Тоғжанов қатысып сөз сөйледі және оны қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале