1.08.2016, 20:50
Оқылды: 27

Облыстық әкімдікте ведомствоаралық кеңес отырысы өтті

Бүгін облыстық әкімдікте облыстық әкімдік жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық кеңес отырысы өтті. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың төрағалығымен өткен кеңес отырысының күн тәртібінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда және көшелерде орын алатын қылмыстардың жай-күйі, олардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәселелер қарастырылды. 

 Күн тәртібінде екінші болып қоғамда “мүлдем төзбеушілік” қағидатын қалыптастыру мақсатында бірлескен жұмыс тиімділігін арттыру және проблемаларды шешу бойынша ішкі істер органдарымен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылы туралы мәселелер қозғалды. 

Үшінші мәселе ішкі істер органдары, соның ішінде жергілікті полиция қызметкерінің ҚР Президентінің 2015 ж 29 желтоқсандағы #153 Жарлығымен бекітілген “ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексін сақтауы туралы болды.. 

Кеңестің төртінші мәселесі облыстық білім беру ұйымдарындағы өртке қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары болып табылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале