29.06.2015, 18:54
Оқылды: 38

Облысымыздағы БАҚ қызметкерлері марапатталды

Gaisakannnnn     Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Салтанат сарайында БАҚ қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

«Журналистика қиындығы мен қызығы мол, үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық болып есептеледі. Әркімнің өз жұмысына адал болуының жөні ерекше. Елбасы тапсырмаларына сәйкес жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстарды, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын елге жариялап отыратындар да журналистер. Қырдағы халықты қызықтырып, ойдағы халықты ойландыратын БАҚ халық пен билік арасындағы алтын көпір іспеттес. Күні бүгін өңірде 85 БАҚ қал-қадерінше қызмет етіп келеді. Алдағы уақытта да табыс биігінен көріне беріңіздер», - деді өңір басшысы.

Бір топ журналистер облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды. Олардың арасында облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Ғұбайдуллин мен Роза Сыйқова, республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің меншікті тілшілері Темір Құсайын мен Людмила Корина, «Қазақстан» РТРК» АҚ БҚО филиалының директоры Асланбек Ғұбашев, халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігінің өңірлік тілшісі Ғайсағали Сейтақ және басқалар бар.

Ұзақ жыл баспасөз саласында қызмет атқарып келе жатқан Еламан Әйпішевке «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы берілді.

Батысқазақстандық кәсіпкер Мұрат Жәкібаевтың продюсерлік орталығы «Жайық Пресс» ЖШС және Орал қалалық мәслихатымен бірлесіп ұйымдастырған журналистер арасындағы «Жеңіс тарихы» байқауының қорытындылары жария етілді. Онда сала ардагерлері Бисен Жұмағалиев, Базарғали Қуатов, Тихон Әліпқали, Борис Кузнецовтармен қатар жеңіс тақырыбын өндіре жазып жүрген Есенжол Қыстаубаев, Мира Шүйіншәлиева, Гүлжамал Кенжеғалиева, Ертай Бимұқанов, Меңдігүл Фазыловалардың еңбектері аталып өтілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале