15.05.2015, 11:51
Оқылды: 24

Облысымыздағы жазғы лагерлеріндегі демалысты қауіпсіз ету ережелерімен таныстырды

 BKO lagerinde kauipsiz demalis  Батыс Қазақстан облысы Білім беру басқармасында жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларына өз есіктерін айқара ашатын балалар сауықтыру және мектепке дейінгі лагерлердің басшыларымен семинар болып өтті.

   Сауықтыру лагерлеріндегі балалар демалысты ұйымдастырудың басты мәселесі балалар қауіпсіздігі болып табылғандықтан, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы нұсқаулық өткізді.

   Жазғы мезгілде суда демалу ұйымдастырылады. Лагерге әр түрлі жастағы және әлеуметтік мінез-құлық дағдысы, жеке ептілігі бар балалар демалуға келеді. Біреуі жүзе алса, біреуі енді үйреніп келе жатуы, біреуі мүмкін тіпті судан қорқатын болар. Лагер бүлдіршіннің судағы қауіпсіздігін 100% қамтамасыз етуі тиіс. Бұл бірнеше іс-шара арқылы жүзеге асырылады.

  Өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің аға инженері Мирас Алекешев сауықтыру мекемесінің аумағында өртке қарсы құрал-сайман жиынтығы бар өрт сөндiру қалқанын (құрамында екі шелек, екі өрт сөндіргіш, екі күрек, екі темір багор, екі балта бар) орнату қажеттігін атап өтті. сауықтыру мекемесінің басшылары өрт кезінде эвакуациялау толық жоспарын жасап, эвакуациялау жоспарына сәйкес қызмет көрсету қызметкерлерімен балаларды ұйықтайтын корпустан, клубтан, асханадан шығаруды пысықтау қажет. Басты назарды эвакуациялау жолдарына эвакуациялауға кедергi келтiретiн бұйымдар қоюға тыйым салынады.

  Департамент қызметкерлері электр желілері мен электр құрылғыларға қойылатын талаптарға тоқтап, керосин шамдары мен шамдарды қолдануға жол берілмейтіндігін атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале