1.06.2016, 18:30
Оқылды: 56

Облысымыздағы мешіттер оразаға дайын

Ranazanga dayin     Облыстық ішкі саясат басқармасында қасиетті Рамазан айына орай баспасөз мәслихаты өтті.


  Жиында ашқан облысымыздағы өкіл имам Руслан Сұлтанов он екі айдың сұлтаны болып табылатын Рамазанда ораза ұстау парыз екенін, оның мән-маңызын, биыл ауыз бекіту уақыты 19 сағаттан астам уақытқа дейін созылатынын айтты. «Облысымызда 44 мешіт бар,-деді бас имам.- Өткен аптада аудан имамдарының бәрін жинап Рамазан айына дайындықты пысықтадық. Оразаға бәрі дайын. Биыл да мешіттерімізде кең көлемде ауыз ашар шаралары ұйымдастырылатын болады. Пітір садақа көлемі 200 теңге мөлшерінде белгіленді».

     Содан кейін Бас мүфтидің Разаман айына байланысты халыққа Үндеуін Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков оқып берді.

     Өз кезегінде сөз алған облыстық мешіттің найб-имамы, Орал медресесінің ұстазы Мұратбек Қыстаубаев ораза тұтудың артықшылығы турасында әңгімеледі.

       Жиын соңында қатысушыларға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тарапынан шығарылған «Ораза мүбәрәк» атты шағын кітапшасы таратылды. Онда ораза ұстаздың шарттары, ауыз бекіту мен ауыз ашу дұғалары және Рамазан айында ораза ұстау мен намаз оқу уақыттарының (Орал қаласы бойынша) кестесі берілген.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале