2.06.2015, 11:13
Оқылды: 36

Облысымыздағы «Сахарный» мұнай жылыту стансасы» объектінде кешенді оқу-жаттығу өтті

Saharnyi mynai kenshi  Ақжайық ауданының Ақжол ауылында орналасқан «Сахарный» МЖС объектісінде ірі ауқымды ТЖ жоюға жұмылдырылатын авариялық-құтқару қызметтердің, «ҚазТрансОйл» АҚ  Батыс Филиалы Орал мұнайқұбырлар басқармасының күштері мен құралдарының, басқару органдарының ұйымдастырылуы мен жай-күйін зерттеу мақсатында кешенді оқу-жаттығу өткізілді. Потенциалды қауіпті объекттегі авариялар кезінде Орал мұнай құбырлары басқармасының басқару органдарының дайындығы бағаланды.

«Сахарный» мұнай жылыту стансасы «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырының қызмет көрсететін телімінде мұнайды жылыту және қайта айдау технологиялық үрдістерін орындайды. Объект аумағында 4 мұнай жылыту пештері орналасқан.

Оқу-жаттығу барысында «Сахарный» мұнай жылыту стансасы объектісіндегі ТЖ орын алған жағдайда тұрғындар әрекетінің жаттығуы өткізіліп, объектіде жұмыс істейтін қызметкерлер мен жұмысшыларды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауды жүргізу есептері нақтыланды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале