21.08.2015, 14:48
Оқылды: 22

Облысымызда бағаны негізсіз өсірмеу бағытында шаралар қолға алынуда

Nogaev baga01   Облысымызда азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу үшін арнайы штаб құрылып, жұмысқа кірісті.

Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев теңге бағамының өзгеруіне байланысты барлық аудан әкімдерімен, облыстық басқарма, департаменттер басшыларымен кеңес өткізіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықтағы баға саясатын айрықша бақылауға алуды тапсырды. Ең бастысы, жұртшылық арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, дүрбелеңге жол бермеу қажет. Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен қызметтер бағасын негізсіз өсірмеу бағытында шаралар қолға алынады.

Сонымен қатар, жаңа қаржы-несие саясатының жергілікті кәсіпорындарға қалай ықпал ететіні зерттелуде. Бұл ретте облыстық кәсіпкерлік және индустриальды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жақыпов жағдайдың тұрақты бақылауда екендігін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, «КазАрмаПром» АҚ бұл өзгерісті оң қабылдап отыр. Өйткені сату көлемі ұлғаяды. Қазіргі кезде бұл кәсіпорын Ресеймен ірі көлемдегі келісімшартқа қол қойған.

Сондай-ақ «Стекло-Сервис» ЖШС да ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтып, бұдан бұрын ресейлік рубльдің құлдырауына байланысты жоғалтқан орындарын қайтарып алмақшы. «Желаев астық өнімдері комбинаты», «Кроун Батыс», «Агропродукт» ЖШС Ресейдің көршілес аймақтарына өз өнімдерін қайтадан көбірек өткізуден үмітті. Ішкі және сыртқы нарықта отандық өнімге жол ашылса, бұл, әрине, қазақстандық кәсіпорындар үшін тиімді болмақ.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале