19.04.2016, 17:07
Оқылды: 23

Облысымызда биылғы жыл басынан 3593 қылмыстық іс орын алған

 AkimJergilikti policia    Облыс әкімдігінде өткен селекторлық кеңесте облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Ғабдуллин биылғы жыл басынан тіркелген 3593 қылмыстық істің 61,8 пайызын орташа ауырлық дәрежедегі қылмыстар құрайтынын атап өтті.


     Жергілікті полиция қызметкерлері 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 34 мың әкімшілік іс қозғаған. Нәтижесінде 182 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 92 миллионнан астамы төленген. Қазіргі уақытта профилактикалық шара есебіне 1340 адам алынған, оның 38-і – кәмелетке толмаған жасөспірімдер. «Мүлдем төзбеу» қағидатына қайшы 15652 дерек тіркелген. Мәселен, жолаушы тасымалдауға құқығы жоқ 219, мас күйінде адам өміріне қауіп төндірген 560 көлік жүргізушісі ұсталған. Ал түрмеден босап шыққандарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге жергілікті органдар белсене араласу қажет.

     Мәселен, 2015-2016 жылы 872 сотталушының  31-і ғана екі қолға бір күрек тапқан. Қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бойынша 4 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған. Арнайы профилактикалық емдеу мекемелерінде 81 тұрғын  тіркелген. Биылғы үш айда орын алған жол-көлік апаттарының үштен бірі жылдамдық арттырудан болған. Қарама-қарсы бетке шығудың кесірінен 17 көлік апаты орын алып, 12 адам қайтыс болған, 37 адам жарақаттанған. Қолайсыз табиғат жағдайынан көлік апатынан үш дерек тіркеліп, 8 адам көз жұмып, оннан астам адам жарақат алған. Әсіресе, облыс аумағындағы республикалық және жергілікті маңызы бар күре жолдардағы көлік апаттары толастамай отыр. Манарбек Ғабдуллин қылмыстың алдын алу үшін қала көшелерін жарықтандыруды, видеокамералар орнатуды және авткөлік тұрағы санын көбейтуді ұсынды. Бүгінгі күні облыс және аудан әкімдіктері, жергілікті мәслихаттардың қолдауымен жол полициялары түгелдей көлікпен қамтамасыз етілген.

     Облыс әкімі Алтай Көлгінов жол-көлік апаттарының алдын алу шараларын, «мүлдем төзбеу» қағидаты аясында тәртіп сақшыларының қызметін жандандыруды, бұл бағытта нақты жоспарлы жұмыстар жүргізуді қолға алуды тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале