23.08.2016, 18:00
Оқылды: 21

Облысымызда білім саласын қаржыландыру бес есеге өсіп, 53 млрд. теңгеден асты

 Balalar   Облысымызда соңғы он жылда білім саласын қаржыландыру бес есеге өсіп, 53 млрд. теңгеден асты.

   Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің сөзіне қарағанда, өңірде үш ауысымда оқыту жойылды. Жергілікті бюджет есебінен 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілген.


   Облыста балабақшаға кезекте 20826 бүлдіршін, соның ішінде Оралда 17600, Ақсай қаласында 2238 бала кезекте тұр. 3-6 жастағылар арасында 2904 балдырғанға орын тапшылығы сақталуда. Бұл мәселені шешу үшін жеке балабақшаларды ашуға баса мән беру керек. Бұл бағытта инвесторларға мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі аясында қолдау көрсетіледі.

   Робот техникасы сандық білімді дамытудың бір бағыты болып табылады. Осы орайда Назарбаев зияткерлік мектебінде 160 мұғалім, облыстық мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатында 35 ұстаз біліктілігін көтерді. Өңірдегі 125 мектеп үшін робот техникасы кабинеттерін жарақтандыруға жергілікті қазынадан 365 млн. теңге бөлінді.

    Мектептегі балалар қауіпсіздігіне де баса назар аударылуда. Биыл бейнекамералар саны үш есеге ұлғайтылды. Сөйтіп жергілікті бюджет есебінен 319 білім нысаны 4700 бейнекамерамен қамтылатын болады. Облыс орталығында мектептер бейнекамерамен түгел дерлік қамтылса, мұндай жұмыс аудандарда да жүргізілуде. Дегенмен облыстағы барлық білім нысандарын бейнекамерамен қамту 36,6 пайызды құрап отыр.

   Биылғы жылдан бастап Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі негізінде балалардың білім мекемелерінде болуына ата-аналардың бақылау жүйесін енгізу көзделуде. Білім беру мәселелері бойынша дербес электронды портал ашу да қарастырылады.

   Кадр мәселесін шешу үшін басқа шаралар өз алдына, ауыл ұстаздары «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік ЖОО-ларға жіберілетін болады.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале