8.09.2016, 11:22
Оқылды: 23593

Облысымызда жолаушылардың әуе көлігі - 26,4%-ға қымбаттаған

kimbattadi  Облысымызда үстіміздегі жылдың тамыз айында азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,7%-ға өсті, бұл киім және аяқ киім бағасының 0,7%-ға, құрылыс материалдары - 1,1%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 1,2%-ға, велосипедтер - 3,7%-ға, кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 5,6%-ға өсуімен белгіленген.

  Сондай-ақ дизель отыны 16,4%-ға қымбаттады деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

  Үстіміздегі жылғы қаңтар-тамызда азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 104,1% құрады. Киім мен аяқ киім бағасы 3,8%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарлар - 4,2%-ға, кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 6,6%-ға, жуу және тазалау құралдары - 4,5%-ға, велосипедтер - 10,1%-ға, автомобильдер - 9,1%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 13,6%-ға қымбаттады. Дизель отыны 15,5%-ға қымбаттады. 2016 жылғы тамызда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,2%-ға өсті, бұл жолаушылардың темір жол көлігі қызметі бағасының 0,7%-ға, жолаушылардың әуе көлігінің қызметтері - 2,1%-ға өсуімен белгіленген.

  2016 жылғы қаңтар-тамызда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 8,3%-ға өсті. Салқын су тарифтері 17,2%-ға, ыссы су, орталықтан жылыту - 33,4%-ға, кәріздер -40,7%-ға қымбаттады. Құқықтық қызметтер және сақтандыру қызметтері 7%-ға, білім беру - 6,6%-ға, байланыс қызметтері - 0,4%-ға, соның ішінде халықаралық қоңыраулар қызметінің бағасы 32,5%-ға өсті. Жолаушылардың темір жол көлігінің қызметтері - 13,1%-ға, жолаушылардың әуе көлігі - 26,4%-ға қымбаттады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале