3.02.2016, 15:57
Оқылды: 22

Облысымызда «Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды

Jilitu kezenindegi ort kayipsizdigi ailari    2015 жылдың 12 айы бойы Батыс Қазақстан облысы аумағында 803 өрт шығып, олардың ішінен 533 тұрғын бөлімде тіркелген, ал ол шыққан өрттердің жалпы санының 70% құраса, 19 өрт көпқабатты жайлы жабдықталған үйлерде шыққан.

Тұрғын бөлімде өрттерде 14 адам қаза болып, 28 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды. Өрттерден келген материалдық зиян тұрғын бөлімде 152 млн. 464 мың 030 теңге құрады.


 «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11-сәуірдегі № 188-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 6-тармағына сәйкес, адамдардың қаза болуын болдырмау, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы аумағында тұрғын бөлімде өрттер жағдайын тұрақтандыру мақсатында 25-қаңтардан 25-ақпанға дейінгі аралықта тұрғын бөлімдегі өрт қауіпсіздігі жөнінде айлық жарияланды. Алдын-алу шараларын өткізу жоспары бекітілді.

Негізгі күш халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарымен алдын-алу жұмыстарына бағытталуда. Алдыңғы кезекте жалғыз зейнеткерлер, мүгедектердің үйлері тексеріледі. Рейдтер барысында инспекторлар құрамы тұрғын үәлер айналасындағы подъездер мен жолдардың жағдайлары тексеріледі, жылыту пештері қаралады, электр сымдарының жағдайлары және газ құрал-жабдықтарының қалыптары, тұрғындармен алдын-алу әңгімелерін өткізеді, өрт күзетінің нөмірін ұялы телефоннан қалай тері қажет екендігін түсіндіреді, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша жаднамалар береді.

Жағдайы жоқ жанұяларға ерекше назар аударылады. Бұл жанұялардың көпшілігінде – спирт ішімдіктерін пайдаланады, ал балалардың еріктері өз қолдарында.

Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы естеріңізге саламыз! Үйдегі электр сымдарының және розеткалардың жағдайларын бақылаңыздар, электр тұрмыстық құралдырды, электр жылытқыштары мен жанулы пештерді бақылаусыз қалдырмаңыздар!

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау

және алдын-алу қызметі басқармасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале