18.02.2016, 16:06
Оқылды: 31

Облысымызда «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, 18 шетелдік ҚР аумағынан шығарылды

 Migrant BKO  Облыс аумағында ағымдағы жылдың 15-17 ақпаны аралығындағы кезеңде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы оздырылды.

Осынау шараға облыстың ішкі істер органдарының қызметтерінен барлығы 500-ге жуық қызметкер жұмылдырылып, бірлескен 20 шақты ұтқыр  топ құрылды.


Заңсыз еңбек ететін шетел азаматтарын анықтау мақсатында уақытша еңбекке тартып отырған құрылыс объектілерін тексеру үшін арнайы жеке топтар құрылды.

         Өткізілген шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылығын бұзу бойынша барлығы – 177 факті анықталды. Оның ішінде республика аумағында шетелдіктердің жүріп-тұру ережесін бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) – 146 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережесін сақтамағаны үшін 40 батысқазақстандық, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны (ҚР ӘҚБК 519- бабы) үшін 11 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері жеке басын растайтын құжатсыз жүрген 24 шетелдікті анықтады. Қазіргі уақытта олар жеке тұлғасын және азаматтығын айқындау үшін Орал қалалық қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

         Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерге қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды.

         Сондай-ақ, шара барысында іздеуде жүрген 2 қылмыскер құрықталды.

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары – 18 шетелдік шығарылды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД Көші-қон

 полициясы басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале