22.02.2016, 16:33
Оқылды: 32

Облысымызда мәслихат депутаттығына 627 үміткер тіркелді

 izbirkom  Орталық коммуникациялар қызметі БҚО филиалының кезектен тыс брифингі өтті. Оған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов қатысып, жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу жұмыстары тоқтатылғанын жергілікті БАҚ өкілдеріне хабардар етті.


Ғайса Хамедоллаұлының айтуынша, жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу жұмыстары 2016 жылдың 19 ақпан күні 24 сағат 00 минутта тоқтатылған. Осы аралықта сайлау науқанына қатысуға 627 адам тіркеуден өткен. Орал қаласының тұрғыны Қайыржан Төлегенұлы үміткердің соңғысы болып 19 ақпан күні 22 сағат, 50 минутта тіркелген. Ол Бөрлі аудандық мәслихатқа депутаттыққа ұсынылған.

627 үміткердің 96-сы облыстық мәслихаттағы 30 орынға, 68 үміткердің қалалық маслихаттағы 20 орынға, 463 үміткердің аудандық маслихаттағы 150 орынға депутаттыққа түсетіні белгілі болды.

Жалпы облыс көлемінде 421 адам (67,1%) өзін-өзі ұсынушы болып табылса, қалғандары партияның ұсынуы бойынша депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген. Атап айсақ, "Нұр Отан" партиясының атынан 195 адам (31%), "Ауыл" партиясынан - 4 адам (0,6%), "Ақжол" партиясынан - 3 адам (0,5%), "Бірлік"  партиясынан - 1 адам (0,2%). Қалған партиялар өзінің үміткерлерін ұсынбады.

Үміткерлердің ортаңғы жас есептік көрсеткіші 41,8 жасқа тең келеді. Сондай-ақ ең жасы 21 жастағы үміткер Жәнібек ауданынан тіркелсе, ең егдесі 80 жастағы Анна Исақызы Орал қаласындағы №20 Гагарин сайлау округінен тіркелген.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале