9.01.2016, 13:46
Оқылды: 22

Облысымызда пәндік олимпиададан 323 оқушының 158-і жүлдеге ие болды

  Олимпийские знания  Орал қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды.


  Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың айтуынша, үшінші, облыстық кезеңге аудан, қала және облыстық мектептерден 17 команда құрамында барлығы 323 оқушы қатысып, бақ сынады.

   Солардың ішінде 158-і жеңімпаз және жүлдегер атанып, облыстық білім басқармасының дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Әсіресе, облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицейі, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешені, Орал қаласы, Тасқала және Шыңғырлау аудандарының шәкірттері жақсы нәтижеге қол жеткізді.

    Республикалық олимпиаданың іріктеу турына 61 оқушының жұмысы жолданды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале