7.01.2016, 20:40
Оқылды: 35

Облысымызда Рождество мейрамы тойлануда

Akim rojdestvo   Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарды Рождество мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде мейірімділік пен достықтың, бейбітшілік пен келісімнің, этносаралық, конфессияаралықтың еліміз үшін маңыздылығына тоқталды.

Рождество мерекесімен құттықтаған облыс әкімі жиналған жұртшылыққа жүрекжарды лебізін білдіріп, бейбітшілік, әр отбасына молшылық, тыныштық тіледі.


 - Рождество - адам­дардың жүрегін мейірімділік пен қайырымдылыққа, сүйіспен­ші­лікке толтыратын нағыз халық­тық мереке. Ол адамдар арасын­да өзара құрметтеу сезімін бекем­деуге ықпал етіп, болашаққа деген сенімін нығайтады. Мемлекет басшысы түрлі дін­дерге құрметпен қарау және ұқып­ты қатынас жасау қазақ­стандық қоғамның маңызды негізінің бірі екенін айрықша атап келеді.–деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Н. Ноғаев бейбітшілік сүйгіштігі үшін, әлемге толеранттылық танытуға үлес қоса білген Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний әкейге алғысын білдіріп, игілікті еңбектері үшін православие шіркеуінің меценаттарын марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале