Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарды Рождество мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде мейірімділік пен достықтың, бейбітшілік пен келісімнің, этносаралық, конфессияаралықтың еліміз үшін маңыздылығына тоқталды.
Рождество мерекесімен құттықтаған облыс әкімі жиналған жұртшылыққа жүрекжарды лебізін білдіріп, бейбітшілік, әр отбасына молшылық, тыныштық тіледі.
- Рождество - адамдардың жүрегін мейірімділік пен қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке толтыратын нағыз халықтық мереке. Ол адамдар арасында өзара құрметтеу сезімін бекемдеуге ықпал етіп, болашаққа деген сенімін нығайтады. Мемлекет басшысы түрлі діндерге құрметпен қарау және ұқыпты қатынас жасау қазақстандық қоғамның маңызды негізінің бірі екенін айрықша атап келеді.–деді облыс әкімі.
Сондай-ақ Н. Ноғаев бейбітшілік сүйгіштігі үшін, әлемге толеранттылық танытуға үлес қоса білген Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний әкейге алғысын білдіріп, игілікті еңбектері үшін православие шіркеуінің меценаттарын марапаттады.