11.06.2015, 11:34
Оқылды: 24

Облысымызда соңғы бес айда жол қозғалысын бақылау бойынша 33472 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Kolik kozgalisi  Облыстық ішкі істер департаментінің әкімішілік ғимаратында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, ІІД аппаратының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сәкен Кайролдиннің айтуынша жол-көлік оқиғаларының саны артқанымен, салдары азайып, қаза болғандар саны 8 пайызға қысқарған. Негізінен жол-көлік оқиғасының көбеюіне автокөліктер санының артуы едәуір әсер етуде. 2010 жылдан бастап, автокөліктер саны 47,1 пайызға артқан. Атап айтар болсақ,  ағымдағы жылдың бес айында 8,9 мың автокөлік есепке  қойылса, 2014 жылы 2 мыңдай автокөлік тіркелген. Жол-көлік оқиғаларының артуына жолдың нашар, сапасыздығы да кері  әсерін тигізуде. Тексеріс нәтижесі бойынша жолдың тек 27,8 пайызы ғана белгіленген нормаға сәйкес келеді. Соңғы бес айда жол қозғалысын бақылау бойынша 33472 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале