22.11.2015, 19:42
Оқылды: 16

Облысымызда соңғы төрт жылда 924,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Inform kilt  Облысымызда соңғы төрт жылда 924,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, соның ішінде 170,3 мың шаршы метрі мемлекеттік қолдау есебінен іске қосылды.

Облыстық құрылыс басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес осы кезеңде 2373 отбасы баспанаға қол жеткізді.


Атап айтқанда, 2012 жылы тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 6,7 млрд. теңге бөлініп, барлық қаржы көздері есебінен жоспардағы 204,4 мыңның орнына 244,2 мың шаршы метр, мемлекеттік қолдау есебінен 31,4 мыңның орнына 51,4 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес 6 көппәтерлік (520 пәтер), ауылдық жерлерде 54 бір және екі пәтерлік үйлер (77 пәтер) салынып, 106 км инженерлік желілер тартылды. Осындай қарқын одан кейінгі жылдары да жалғасты. 2013 жылы ел қазынасынан 6 млрд. теңге қарастырылып, барлығы жоспардағы 215 мыңның орнына 247 мың шаршы метр, соның ішінде мемлекеттің қолдауымен 46 мыңның орнына 51 мың шаршы метр тұрғын үй сап түзеді. Аталған бағдарламаға сәйкес 8 көппәтерлік (812 пәтер), ауылдарда 42 бір және екі пәтерлік үйлер (47 пәтер) тұрғызылып, 146 км инженерлік желі тартылды. Өткен жылы 6,2 млрд. теңге беріліп, барлық қаржы көздерінен жоспардағы 257,1 мыңның орнына 233,4 мың шаршы метр, соның ішінде мемлекеттің қолдауымен 34,4 мыңның орнына 47,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бағдарламаға орай 7 көппәтерлік үй (616 пәтер), ауылдарда 44 бір және екі пәтерлік үйлер (47 пәтер), 218,5 км инженерлік желі іске қосылды.

Биыл республикалық бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлініп, он айда барлық қаржы көздері есебінен жоспардағы 240 мыңның орнына 176,5 мың шаршы метр, соның ішінде мемлекеттің қолдауымен 21,2 мыңның орнына 20,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өңірлерді дамыту және «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында 2 көппәтерлік (249 пәтер), ауылдық жерлерде бір пәтерлік бес үй бой көтерді. Жыл аяғына дейін бұл жұмыс әлі де жалғасады.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале