11.03.2016, 13:09
Оқылды: 38

Облысымызда су тасқынының ең жоғарғы көрсеткіші 26 наурыз 2 сәуір аралығында болады деп болжануда

Brfingg «Жайық Пресс» медиахолдингі, баспасөз орталығында «Облыстағы су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарының барысы» тақырыбында кезекті брифинг өтті.

Оған БҚО ТЖД бастығының орынбасары Ахметжанов Ақылбек Қосманұлы, БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Хайрекенов Максим Абатұлы және БҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Отаров Марс Тасқалиұлы қатысты.


Брифингке қатысущылардың мәлеттерінше, облыс аумағындағы су тасу қаупі бар өзендер бассейндерінде топырақтың күзде ылғалдануы мен қардың қоры нормадан жоғары болуда. Су тасқынының басталуы 18-27 наурызда және ең жоғарғы көрсеткіш 26 наурыз 2 сәуір аралығында болады деп болжануда дейді.

Қазіргі уақытта облыс аумағындағы барлық өзендер қысқы режимде екен. Жайық өзеніндегі мұздың қалыңдығы 16 см болса, Шаған, Деркөл және кіші өзендердегі мұз қалыңдығы –24-30 см. аралығында.

Көктемгі су тасқыны мен су басу ірі трансшекаралық Жайық, Шаған өзендері және Қараөзен мен Сарыөзендер. Олар өзендердің табиғи ағысымен ғана емес, еліміздің аумағынан тыс жерде Ресей Федерациясы аумағында орналасқан су қоймаларынан судың жіберілуімен де тығыз байланысты екенін ескерген жөн. Саратов облысының алдын ала болжамына сәйкес өзендердегі судың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1-22 см төмен. Ал, Қараөзендегі судың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64 см төмен. Сондықтанда әзірге ешқандай қауіп байқалмайды.

Орынбор облысы, Ресей ТЖМ болжамы бойынша Жайық өзені бассейніндегі жер қыртысының күзгі ылғалдылығы қалыптан төмен. Жайық өзеніндегі болжам қалыпты жағдайда өтеді деп күтілуде.

Орал қаласындағы Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінің бойында 72 саяжай бірлестіктері бар, қазіргі уақытта 6288 жанұя 10851 адаммен тұрақты тұрып жатыр. Оның ішінде 3586 балалар.

Тұрғындармен түсіндіру жұмысы жүргізілді, саяжай алқаптарын су басқан жағдайда оларды құлақтандыру, уақытша эвакуациялау және орналастыру іс-шаралары жоспарланған.

Облыс бойынша 25 уақытша орналастыру пункті белгіленді, оның ішінде Орал қаласында – 10 пункт бар.

Жалпы алғанда, су тасқыны жағдайында тартылатын күштер мен құралдарының есебі: 76 құрылымды, 1758 жеке құрамды, 548 техника бірлігін, 37 бірлік жүзу құралын, 95 бірлік мотопомпаны құрайды. Су тасқыны қауіпті телімдер инженерлік техникаларға ие ұйымдарға бекітілуде.

ТЖ Департаментінің бөлімшелерінде 5 ұтқыр топ құрылған.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале