16.08.2016, 11:39
Оқылды: 18

Облысымызда сұйытылған газ бағасы өсті

 Gaz  Батыс Қазақстан облысында «Тәуекел» ЖШС-ға қарасты автогаз құю стансаларында сұйытылған газ бағасы 40 пайызға жуық өсті.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Клара Әлиеваның айтуынша, босату бағасының көтерілуіне байланысты «Тәуекел» және «Алау» ЖШС сұйытылған газ бағасын 57,7 пайызға өсіруге өтінім берген еді. «Тәуекел» ЖШС өтінімі бойынша қосымша құн салығынан (ҚҚС) алғанда 1 литр үшін моторлы отын есебіндегі сұйытылған газ бағасы 53,95 теңге көлемінде бекітілді. Яғни газ бағасы 38,3 пайызға артты.


«Алау» ЖШС-ның өтінімі бойынша шешім бүгін шығады. Сұйытылған газ бағасы тек аталған қос кәсіпорын бойынша реттеледі, қалғандары бәсекелестік ортаға жіберілген.

Айта кетейік, ҚҚС-дан 1 литр үшін отын бағасы 39 теңге болатын.

 www.zhaikpress.kz

 Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале