5.10.2015, 9:01
Оқылды: 33

Облысымызда ІІО есебінде тұрғандардың жалпы 83,9% -ы травматикалық қаруларды тапсырды

Karu   Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бері жеке тұлғалардан тіркелген атыс және травматикалық оқтармен атуға жарамды газды қаруларды ерікті түрде сатып алу бойынша акция басталған болатын. Тоғыз ай ішінде ішкі істер органдарына аталған санаттағы 1177 бірлік қару тапсырылды, ол ІІО есебінде тұрғандардың жалпы санының 83,9% құрайды деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысының тұрғындарынан травматикалық қаруларды сатып алу үшін 43 миллион 768 мың теңге ақша бөлінді, оның ішінде бүгінгі күні азаматтарға тапсырған қарулары үшін 43 миллион 650 мың 650 теңге төленді.

Тіркелген атыс және травматикалық оқтармен атуға жарамды газды қаруларды тапсыру қажет, тіпті, рұқсат беру құжаттарының мерзімі аяқталса да, тапсыру керек.

Егер қару иесі тіркелген қаруды қандай да бір себеппен жоғалтып алатын болса, полицияға жүгінуі қажет.

Қару жоғалтқаны үшін қару иесі Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 486-бабы 1-бөлімінің 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкерлікке тартылады немесе бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндетті. Жоғалған қару криминалдық есепке қойылады. Мұндай қаруларды сақтау, қолдану қылмыстық жазаға әкеліп соғады.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале