28.09.2015, 9:04
Оқылды: 105

Облысымызда құрылыс жұмыстарының көлемі артуда

BKO kyrilis     Облысымыз бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 45,1 млрд.теңгені құраған.

БҚО статистика департаментінің мәлімтіне сүйенсек, осы аралықта 1004 жаңа ғимарат, оның ішінде 910 тұрғын үй және 94 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға беріліп, оған 11,4 млрд. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2014 жылғы қаңтар-тамызындағыдан 20,9 пайызға жоғары.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 143,1 мың шаршы метрді құрады. Бұл 2014 жылдың қаңтар- тамызындағыдан 875 шаршы метрге төмен.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале