4.09.2015, 9:10
Оқылды: 19

Облысымызда құрылыс көлемі 11%-ға өсті

BNews.Oral   Биыл Батыс Қазақстан облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 37,7 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артық. 

2015 жылы тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қаржыландыруға 4,5 млрд теңге қарастырылған.

«Ұлттық қордан құрылыс саласына 3,4 млрд теңге бөлінді, республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге бағытталған. Осы жылы 113 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді», - деп мәлім етті БҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Арман Өксікбаев.

БҚО әкімдігінен атап өткендей, биыл тұрғын үй құрылыс жинағы бағдарламасының қатысушылары мен кезектегілер үшін 100 және 144 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

«Орал мен Ақсайда 720 пәтерлі 6 көп қабатты үй бой көтеруде. Оның 4-уі (450 пәтер) тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша салынып жатса, 180 пәтерлі үй –баспана кезегінде тұрғындар үшін, қалған 90 пәтерлі үй жас отбасыларға арналған», - деп атап өтті БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале