15.06.2015, 18:23
Оқылды: 27

Облысымызда құтыдағы ауыз су өндірісі артады

Zelenov akim voda Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округінде «Родник» ЖШС-ның құтыдағы ауыз су өндіретін жаңа өндірістік желісі салтанатты жағдайда іске қосылды. Ашылу рәсіміне қатысқан өңір басшысы Нұрлан Ноғаев кәсіпорын ұжымын және барша батысқазақстандықтарды осынау қуанышты оқиғамен құттықтады.

«Фирма «Родник» ЖШС-ның директоры Лилия Хайруллинаның айтуынша, осы жобаға өңірлік индустрияландыру картасы шеңберінде 978 млн. теңге қаржы жұмсалған. Күні бүгін жобаның алғашқы кезеңі, яғни 19 литрлік құтыдағы ауыз су өндірісі желісін пайдалануға беру жүзеге асырылды. Жаңа желі арқылы өндіріс қуатын жылына 806 400 дана құтыдағы суға (19 литрлік) жеткізу жоспарлануда.

Жаңа өндіріс ошағының жұмысымен танысып шыққаннан соң облыс әкімі Нұрлан Ноғаев журналистерге қысқаша сұхбат берді.

Тағы бір айтайын дегенім - индустриялық аймақ ашу туралы бұған дейін де әңгіме болған еді. Күні бүгін үш жерді қарастырудамыз. Біріншісі, Орал - Самара күрежолының бойы. Екіншісі, Пойма стансасының маңы. Үшіншісі, Белес ауылының маңындағы жер телімі. Қазір мамандар есептеулер жүргізуде. Нақты шешім содан кейін алынатын болады, - деді Нұрлан Асқарұлы.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар  КЕНЖЕҒАЛИЕВ

«Орал  өңірі»   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале