2.06.2015, 17:59
Оқылды: 15

Облысымызда ҰБТ сынағы үш күнге созылмақ

ENT  Облысымызда бүгін 1133 түлек ҰБТ сынағын тапсырды.БҚО білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білімді дамыту бөлімінің бас маманы Жазира Көкенованың айтуынша, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Орал қаласы мен Зеленов ауданы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде облыс орталығына қоса Тасқала, Теректі ауданы, Ақсайдағы №4 орта мектепте Бөрлі, Шыңғырлау ауданы шәкірттері тестілеуден өтті.

Ертең Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек (мұнда Бөкей ордасы ауданы түлектері де тапсырады), Қазталов, Қаратөбе, Сырым аудандарынының тестілеу пункттерінде 1252 түлек сынақтан өтеді. 4 маусым күні Орал қаласында М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да қалған 755 жас тест тапсырады.

Облыс бойынша барлығы 3140 түлек (мектеп бітірушілердің 68,5 пайызы) ҰБТ-ға баратын болса, соның 235-і - «Алтын белгіден», 99-ы үздік аттестаттан үміткер.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале