20.03.2016, 12:46
Оқылды: 25

Облысымызда 520 сайлау учаскесі жұмыс жасауда

 Oblis sailau  Батыс Қазақстан облысында Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау қалыпты өтуде.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вячеслав Иночкиннің айтуынша, өңірде барлығы 430875 сайлаушы тіркелген. Облыс бойынша 520 сайлау учаскесі бар, оларға тұрғындар таңертеңнен келіп, дауыс беруде. Байқаушылар да заңға сәйкес жұмыс жасауда.


Қандай да болсын заңбұзушылық туралы арыз-шағым түскен жоқ.

Орал қаласындағы №30 орта мектеп ғимаратында орналасқан №435 сайлау учаскесінде 2526 сайлаушы болса, солардың бәріне шақыру қағаздары күні бұрын таратылған. Сайлау комиссиясының төрайымы Мөлдір Жұмағазиеваның сөзіне қарағанда, әзірге жасы егде адамдардың белсенділігі жоғары. Тізімде жоқ тұрғындар ұшыраса қойған жоқ. Ондай жағдай туындағанда, осындағы халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі арқылы мәселе анықталып, шешіледі.

Осы мектепте сондай-ақ №410 сайлау учаскесі де орын тепкен. Сайлау комиссиясының төрайымы Әсел Ишанованың жеткізгеніндей, мұнда 2379 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру заңға сәйкес өтуде.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале