19.06.2015, 20:27
Оқылды: 25

Облысымыздың аймақтарында 20-24 маусым аралығында 42◦ С өте қатты ыстық күтіледі

42 gradus issilik  «Қазгидромет» РМК-ның  БҚО бойынша филиалының 2015 жылғы                   19 маусымдағы мәліметі бойынша, 20-24 маусым аралығында Батыс Қазақстан облыс аймағының кей жерлерінде  42 С өте қатты ыстық күтіледі.

2015 жылдың 19 маусымынан бастап Орал қаласында, Зеленов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарында  жоғарғы – IV дәрежелі өрт қаупі күтіледі.

IV дәрежелі өрт қаупі кезінде өрт кішкентай от көздерінен шығып, тез жайылу қаупі туындайды.

Ақжайық, Сырым, Жәнібек, Казталов, Жаңақала, Қаратөбе, Бокей Ордасы аудандарында жоғарғы - V дәрежелі өрт қаупі орнатылады.

V дәрежелі өрт қаупі кезінде өрт кез келген от көздері мен жоғары температуралардан пайда болады. Жану өте қарқынды болады және от тез жайылады.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале