12.06.2015, 20:22
Оқылды: 21

Облысымыздың басқарушы құрамында кадрлық өзгерістер болды

Marat Karimov Akim     Бүгін Батыс Қазақстан облысының басқарушы құрамында кадрлық өзгерістер болды.

Бұған дейін Ақжайық ауданы әкімі қызметін атқарып келген Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің үлкен залында "Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам" Ұлт жоспарын іске асыру бойынша өткен кеңес барысында мәлім болды.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осы лауазымда қызмет еткен Марат Кәрімовке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, жаңа орынбасарына сәттілік тіледі.

Ал Нариман Төреғалиев өңір басшысына өзіне артқан үлкен сенімі үшін алғысын білдірді.

* *  *

Нариман Төреғалиев 1964 жылы Орал облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс ииститутын, 2004 жылы Қазақ қоғамдық университетін тәмамдаған. Мамандығы - инженер-экономист, заңгер.
Еңбек жолын бұрынғы Ақжайық ауданының «Есенсай» кеңшарында 1981 жылы жұмысшы болып бастаған.

1982-1984 жылдары Венгр халық республикасында Кеңес әскері қатарында.

1985-1990 жылдары Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының студенті, Жамбыл қаласы.

1990-1991 жылдары 18 партсъезд атындағы арнаулы шаруашылық бірлестігінің еңбек және еңбекақы жөніндегі экономисі, Теректi ауданы Ұзынкөл ауылында.

1991-1995 жылдары 18 партсъезд атындағы арнаулы шаруашылық бірлестігінің бас экономисі, Теректi ауданы Ұзынкөл ауылында.

1995-1997 жылдары шаруа қожалығы штатының мүшесі,  Теректi ауданы Ұзынкөл ауылы.

1997-1999 жылдары «Айтиев» өндiрiстiк кооперативінің бас бухгалтері, жабдықтаушы мiндеттерiн атқаратын бас экономист, Теректi ауданы Ұзынкөл ауылы.

1999-2001 жылдары «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы, Теректi ауданы, Ұзынкөл ауылы.

2001-2002 жылдары Теректі ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы.

2002-2003 жылдары жалпы үлгідегі Орал интернат үйінің директоры, Орал қаласы.

2003-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Орал қаласы.

2008 жылдары Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары Орал қаласы.

2008-2010 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры Орал қаласы.

2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Орал қаласы.

2012 жылдан бастап БҚО Ақжайық ауданының әкімі.

2014 жылдың 12 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

www.zhaikpress.kz

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале