5.01.2016, 12:13
Оқылды: 16

Облысымыз бойынша индустриаландыру картасы шеңберінде 327,2 млрд. теңгеге 2264 тұрақты жұмыс орны ашылуымен 40 жоба жүзеге асырылуда

IMG-20160105-WA0005   Индустриаландыру картасы шеңберінде облыс бойынша 327,2 млрд. теңгеге 2264 тұрақты жұмыс орны ашылуымен 40 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Сондай-ақ бірінші бесжылдықта 257,9 млрд.теңгеге 40 жобаның32 инвестициялық жобасы іске қосылып, 1890жұмыс орны ашылды. Бүгінгі таңда 23 жоба 70%-дан жоғары, 5 жоба 50%-дан жоғары жобалық қуаттылыққа шықты, қалған жобалар кезең-кезеңмен жобалық қуаттылыққа шығуда.

Елбасымыз өзінің Жолдауында экономиканы дамытудың, дағдарысқа қарсы мүмкіндіктердің бірі шикізат ресурстарына тәуелсіз өнеркәсіптің маңыздылығына көңіл аударды. Осындай мүмкіндіктердің бірі – индустриалдық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы.

Екінші бесжылдықта374 жұмыс орнын қамтамасыз ететін жалпы құны 69,3 млрд.теңге тұратын 8 жоба енгізу жоспарланып отыр.

2015 жылы жалпы кұны17,1млрд.теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 73 жұмыс орны ашылды

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале