10.05.2016, 12:58
Оқылды: 37

Облыс əкімінің Ақжайық ауданындағы іссапары "БатысМарқаЛамб" ЖШС-нда жалғасты

ет аким     Облыс əкімі Алтай Көлгіновтің Ақжайық ауданындағы іссапары "БатысМарқаЛамб" ЖШС-нда жалғасты. Серіктестік жұмысын 2015 жылы наурызда бастаған.


     Жоба құны 2,8 млрд. теңге. Кəсіпорын 1400 бас қошақан етін өңдеуге қабілетті. Тоңазытылған етті газдалған жəне вакуумды қаптамада шығаратын кешенде қазір 60 адам қызмет етеді. Итальяндық "Rovаni" компаниясының жабдықтарын "Қазагрофинанс" АҚ-ның демеуімен сатып алған серіктестік қалдықсыз технологиялық өнімдер шығарады.

     Өнім сапасы 40 тəулік бойы сақталады. "Наурыздан бері 2745 тонна қозы етін өңдедік. 40 тоннасын Ресейге экспорттадық. Қазір аптасына 600-700 бас қозы сойылуда. Шілде айында кəсіпорын толық қуатында жұмыс жасайды деп жоспарлануда. Қасапшыларымызға шетел мамандары жаңа технологияны үйретіп, кəсіби шеберліктерін бөлісті", - деді "БатысМарқаЛаб" ЖШС директорының көмекшісі Руслан Темірболат.

     Облыс əкімі Алтай Көлгінов, сонымен қатар, "Батыс Нық" ЖШС-ның ірі қара мал етін өңдеу кешені құрылысымен танысты. Кешен құрылысы 2014 жылы басталған. Мердігер - "Westkaros" ЖШС. Жобаға 425 млн. теңге несие қаражаты бөлінген. Кəсіпорын маусымда іске қосылады. Осында ашылатын жұмыс орындарына 20-дан астам адам тарту жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале